Құпиялылық саясаты

1. Жалпы ережелер
Осы құпиялылық саясаты (бұдан әрі — Саясат) «Aitu Browser» ЭЕМ-ге арналған бағдарламаны (бұдан әрі бірге — «Бағдарлама») қолдануыңыз кезінде сіз туралы «BTS Digital» ЖШС (БСН 180 140 022 960)(«BTS Digital») / немесе оның үлестес тұлғалары алуы мүмкін өңделетін барлық деректерге (бұдан әрі  — «Деректер») қатысты қолданылады.BTS Digital Деректерді, сондай-ақ, сіз сайттарын, бағдарламаларын, өнімдерін немесе сервистерін қолданатын өз серіктестерінен (бұдан әрі  — «Серіктестер»), көпшілікке қолжетімді деректері бар басқа көздерден алуы мүмкін. Тиісті жағдайларда Деректерді беру қолданыстағы заңнамада белгіленген жағдайларда ғана мүмкін болады және BTS Digital мен серіктестердің әрқайсысы арасындағы арнайы шарттар негізінде жүзеге асырылады. Сіздің Бағдарламаны пайдалануыңызды қамтамасыз ету үшін сіздің Деректеріңізді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлға  «BTS Digital» ЖШС БСН 180 140 022 960 жинайды және пайдаланады.

2. Негізгі мақсаттар
Сіздің Деректеріңізді және құпиялылығыңызды қорғау BTS Digital үшін өте маңызды. Сондықтан сіз Бағдарламаны пайдаланған кезде BTS Digital сіздің Деректеріңізді қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң түрде қорғайды және өңдейді. Сіздің Деректеріңізді қорғауға қатысты міндеттерімізге сүйене отырып, осы Саясатта біз сізге төмендегілер жайында мейлінше ашық айтқымыз келеді:
(a) Бағдарламаны пайдаланған кезіңізде BTS Digital сіздің Деректеріңізді не үшін және қалай жинайды, қолданады («өңдейді»);
(b) Сіздің Деректеріңізді не үшін және қалай өңдеу туралы шешім қабылдайтын заңды тұлға ретіндегі BTS Digital-дың рөлі мен міндеттері қандай;
(c) BTS Digital сіз туралы жинайтын Деректер көлемін азайту үшін қандай құралдарды пайдалана аласыз;
(d) Деректеріңіздің өңделуі аясындағы сіздің құқықтарыңыз қандай.


3. Деректер санаты
Сіздің Бағдарламаны пайдалануыңыз кезінде BTS Digital сіз туралы келесі Дерек санаттарын жинауы мүмкін:
(a) Электрондық деректер (HTTP-атаулар, IP-мекенжай, cookie файлдар, веб-маяктар/пиксельдік тегтер, қолданылатын құрылғының сәйкестендіргіші туралы деректер, қолданылатын құрылғының операциялық жүйесінің типі, аппараттық және бағдарламалық қамтылым туралы ақпарат, wi-fi желісінің деректері, геолокация және уақыт белдеуі туралы мәліметтер және т.б.)
(b) Бағдарламаны пайдалану кезіндегі белсенділік туралы мәліметер (бағдарламаны пайдалану күні, жиілігі және уақыты, іздеу сұратуларының тарихы және жергілікті іздеу нәтижелері, сілтемелерге өту және кірген веб-беттер туралы ақпарат, жүктелетін файлдар туралы мәліметтер және т.б.)

BTS Digital мақсатты түрде сезімтал сипаттағы жеке ақпаратты жинамайды (мысалы, нәсілдік шығу тегі, саяси көзқарас, денсаулық туралы ақпарат және биометриялық деректер). Дегенмен, сіз оларды  BTS Digital-ға өзіңіз ұсына аласыз, ондай жағдайда BTS Digital оларды сізге Бағдарламаны ұсыну шеңберінде өңдейді. Бұл ретте сіз BTS Digital мұндай өңдеуге келісіміңізді сұрай алмайтынын ескеруіңіз қажет, өйткені BTS Digital-ға беруіңіз мүмкін жеке ақпаратыңыздың ықтимал сезімтал сипаты туралы алдын ала хабардар емес.
BTS Digital деректерді пайдаланушы «портретін» құру мақсатында жинамайды, бұл қолданыстағы заңнамаға сәйкес сіздің құқықтарыңыз бен бостандықтарыңызға айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Қолдау қызметіне хабарласқан кезіңізде BTS Digital Пайдаланушының электрондық пошта мекенжайын, сондай-ақ оның құрылғысы туралы техникалық ақпаратты қосымша түрде алуы мүмкін.

4. Деректерді өңдеу
BTS Digital сіздің Деректеріңізді жеткілікті құқықтық негізсіз өңдеуге құқылы емес. Сондықтан BTS Digital сіздің Деректеріңізді тек төмендегі жағдайларда өңдейді:
(i) өңдеу сіздің BTS Digital-мен арадағы Aitu Браузер бағдарламасын пайдалануға лицензиялық келісім (https://aitubrowser.kz/aitudocs/) секілді шарттарыңызды орындауға қажет болса;
(ii) өңдеу заңнамада белгіленген міндеттемелерді орындау үшін қажет;
(iii) нақты мақсаттар үшін немесе қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес біз Деректеріңізді өңдеуге сіздің жеке келісіміңізді сұрауымыз мүмкін. Келісім жеке құқықтық негіз ретінде танылған юрисдикциялар үшін Бағдарламаны пайдалануды бастауыңыз сіздің осындай өңдеуге келісіміңізді білдіреді.
BTS Digital сіздің Деректеріңізді әрдайым белгілі бір мақсаттарда және тек осындай мақсаттарға қол жеткізуге қатысты Деректерді өңдейді. Жекелей алғанда, біз сіздің Деректеріңізді мынадай мақсаттармен өңдейміз:
(i) сізге Бағдарламаға қолжетімділік беру;
(ii) сізге Бағдарламаның жұмысына қатысты хабарламаларды, сұратуларды және ақпаратты жіберу, сізбен арадағы келісімдерді орындау және сіздің сұратуларыңыз бен өтінімдеріңізді өңдеу үшін сізбен байланысты жүзеге асыру;
(iii) жарнамалар мен ұсыныстарды сіздің қалауыңызға, іздеу тарихыңызға және сіз туралы BTS Digital-ға қолжетімді басқа мәліметтерге сәйкес дербестендіру;  
(iv) Бағдарламаны пайдалану ыңғайлылығын арттыру;
(v) сіздің құқықтарыңыз бен BTS Digital-дың құқықтарын қорғау;
(vi) статистикалық деректерді, үлкен деректерді және басқа зерттеулерді жинау, өңдеу және ұсыну;
(vii) Бағдарлама, пайдаланушылар, BTS Digital және/немесе үшінші тараптар үшін қауіпсіздік қатерлерін анықтау.
Бағдарламада API Google-ден алынған ақпаратты (бұдан әрі — «Алынған деректер») пайдалану онда көрсетілген шектеулерді ескере отырып, Google API Disclosure ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады, атап айтқанда:
Алынған деректер сізге пошта клиентінің функцияларын беру мақсатында ғана пайдаланылады. Алынған деректерді үшінші тұлғаларға беру, жарнамалық материалдарды көрсету және сіздің хат-хабарларыңыздың мазмұнына заңсыз қол жеткізуге байланысты өзге де мақсаттар үшін пайдалануға болмайды.


5. Деректерге қолжетімділік
BTS Digital сонымен қатар осы Саясаттың 4-бөлімінде көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін Деректерді үшінші тұлғаларға беруі мүмкін. Ондай үшінші тұлғалар мыналар болуы мүмкін:
(i) сайт иелері, жарнама желілері секілді және басқадай Серіктестер, BTS Digital-ға осындай серіктестерге тиесілі немесе олардың бақылауындағы сайттарда жарнама орналастыруға және көрсетуге байланысты қызметтер ұсынады;
(ii) сізге Бағдарламада жарнама көрсететін жарнама берушілер немесе басқа Серіктестер, сондай-ақ ақпараттық қызмет жеткізушілері немесе кеңесшілер секілді Серіктестер;
(iii) Бағдарлама, пайдаланушылар, BTS Digital және/немесе үшінші тұлғалар үшін қауіпсіздік қатерлерін анықтау үшін ақпарат беретін тұлғалар.
BTS Digital сонымен қатар Деректерді төмендегі үшінші тұлғаларға жібере алады:
(i) BTS Digital тиісті сұрату бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес ақпарат беруге міндетті кез келген ұлттық және/немесе халықаралық реттеуші органға, құқық қорғау органдарына, орталық немесе жергілікті атқарушы органдарға, басқа да ресми немесе мемлекеттік органдарға немесе соттарға; 
(ii) үшінші тұлғаларға, егер сіз өзіңіздің Деректеріңізді беруге келісім білдірген болсаңыз немесе сізге Бағдарламаны ұсыну немесе сізбен жасалған белгілі бір келісімді немесе шартты орындау үшін Деректерді беру қажет болса;
(iii) сіз Aitu Browser бағдарламасын пайдалануға лицензиялық келісімді, осы Саясатты бұзған кезде немесе осындай бұзушылық қаупі орын алған жағдайда BTS Digital-ды немесе үшінші тұлғаларды құқықтық тұрғыдан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында кез келген үшінші тұлғаға.
Кейбір елдердегі Деректерді қорғау деңгейі сіздің юрисдикцияңызда белгіленген деңгейге сәйкес келмеуі мүмкін екенін ескеріңіз және Бағдарламаны қолдана отырып, сіз осы секілді беруге келісесіз.


6. Деректерді сақтау және өңдеу
Қазақстан Республикасындағы пайдаланушылар үшін: BTS Digital Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан дерекқорларды пайдалана отырып, Қазақстан Республикасы азаматтарының деректерін жазуды, жүйелеуді, жинақтауды, сақтауды, нақтылауды (жаңартуды, өзгертуді), алуды жүзеге асырады.

7. Деректерді сақтау мерзімі
BTS Digital сіздің Деректеріңізді оларды жинау мақсатына қол жеткізу үшін немесе заңнама мен нормативтік актілердің талаптарын сақтау үшін қанша уақыт қажет болса, сонша уақыт сақтайды.
Егер сіз BTS Digital дерекқорынан қандай да бір Деректердің жойылуын қаласаңыз, Бағдарлама интерфейсі арқылы қажетті Деректерді өзіңіз жоя аласыз (қолданылатын жерде).   

8. Деректерді қорғау
Көп жағдайда Деректер BTS Digital-дың қандай да бір қызметкерлерінің қол жеткізуінсіз автоматты түрде өңделеді. Ал егер ондай қолжетімділік қажет болса, оны тек өз міндеттерін орындау үшін қолданатын BTS Digital қызметкерлеріне ғана берілуі мүмкін. Деректердің құпиялылығын қорғау және қамтамасыз ету үшін барлық қызметкерлер Деректерді өңдеуге қатысты ішкі ережелер мен рәсімдерді сақтауы керек. Олар сонымен қатар сіздің Деректеріңізді қорғау үшін қолданылатын барлық техникалық және ұйымдастырушылық қауіпсіздік шараларын сақтауы тиіс.
BTS Digital сонымен қатар Деректерді рұқсатсыз, кездейсоқ немесе заңсыз жоюдан, жоғалтудан, өзгертуден, жосықсыз пайдаланудан, ашудан немесе қол жеткізуден, сондай-ақ өңдеудің басқа да заңсыз түрлерінен қорғау үшін жеткілікті техникалық және ұйымдастырушылық шараларды енгізді. Осы қауіпсіздік шаралары техниканың қазіргі деңгейін, оларды іске асыру құнын, Деректерді өңдеуге және олардың сипатына байланысты тәуекелдерді ескере отырып іске асырылды.


9. Сіздің құқықтарыңыз
Егер қолданыстағы заңнамада көзделген болса, сіз осы Саясатқа сәйкес BTS Digital өңдейтін Деректеріңізге қол жеткізуге құқылысыз.
Егер сіз BTS Digital сақтайтын сіз туралы қандай да бір ақпарат дұрыс емес немесе толық емес деп есептесеңіз, онда сіз Бағдарлама интерфейсіндегі ақпаратты өзгерте аласыз немесе оны өзгерту үшін BTS Digital-ға жүгіне аласыз.  
Егер қолданыстағы заңнамада көзделген болса, сіз төмендегілерге құқылысыз:
● сізге қатысты BTS Digital сақтайтын ақпаратпен танысу;
● өз Деректеріңізді немесе олардың бір бөлігін жоюды талап ету, сондай-ақ Деректеріңізді өңдеуге келісімді қайтарып алу;
● Деректеріңізді өңдеуге шектеу қойылуын талап ету;
● қолданыстағы заңнамада көзделген болса, Деректеріңіздің өңделуіне қарсы болу.
BTS Digital бұл сұратуларды қолданыстағы заңнамаға сәйкес орындайтын болады.
Сіз Бағдарламаны қолдана отырып бөгде сервистер мен сайттарды пайдаланған кезде, Деректерді беру сіздің өз еркіңізді және мүддеңізді білдіретін келісіміңізбен жүзеге асырылады (атап айтқанда, сізбен жасалған шарт негізінде) және заң бойынша міндеттеме болып табылмайды.
Жоғарыда аталған құқықтарды жүзеге асыру үшін BTS Digital-ғахабарласыңыз (осы Саясаттың 10-бөлімін қараңыз).
Егер BTS Digital-дың деректеріңізді қалай өңдейтіні көңіліңізден шықпаса, бізге хабарлауыңызды сұраймыз, біз сіздің шағымыңызды қарастырамыз.

10. Кері байланыс
BTS Digital осы Саясатты орындауға немесе өзгертуге қатысты сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды құптайды. Мына электрондық мекенжайға жазыңыз supportservice@aitubrowser.kz
Сондай-ақ, сіз осы мекенжайды Деректеріңіздің дұрыс еместігіне немесе оны өңдеудің заңсыздығына қатысты құқықтарыңызды немесе шағымдарыңызды іске асыру туралы сұратулар жіберу үшін пайдалана аласыз.

11. Саясатты жаңарту
Осы Саясатқа өзгерістер енгізілуі мүмкін. BTS Digital өз қалауынша өзгерістер енгізуге құқылы, оның ішінде, бұлармен де шектелмей, тиісті өзгертулер қолданыстағы заңнамадағы өзгерістермен байланысты болған жағдайда, сондай-ақ, тиісті өзгертулер Бағдарлама жұмысындағы өзгерістермен байланысты болған жағдайда.
BTS Digital сізге ескертусіз осы Саясатта белгіленген құқықтарыңызға елеулі өзгерістер енгізбеуге, қосымша ауыртпалықтар немесе шектеулер қоймауға міндеттенеді. Ондай өзгерістер туралы сізге хабарланатын болады.Тиісті хабарламалар Бағдарламада (мысалы, қалқыма терезе немесе баннер арқылы) ондай өзгерістер күшіне енгенге дейін көрсетілуі мүмкін немесе сізге басқа байланыс арналары арқылы жіберілуі мүмкін (мысалы, бізге байланыс деректерін берген болсаңыз, электрондық пошта арқылы).

Жарияланған күні: 18.04.2025

Ағымдағы нұсқасы мына мекенжайда қолжетімді: https://aitubrowser.kz/aitudocs/