Aitu Browser-ді ашыңыз, басты беттегі YouTube виджетін басыңыз. Қажетті видеоны қосыңыз да, «Аудару және дыбыстау» түймешігін басыңыз. Қажетіне қарай, үш нүктеге өтіп, аударма жасалатын тілді (қазақ немесе орыс) таңдаңыз. Кейбір жағдайларда аудармаға біраз уақыт қажет болуы мүмкін. Өңдеудің аяқталғанын күтіңіз, содан соң таңдалған тілге дыбысталған видеоны көре аласыз. Аударманы және дыбыстауды нейрожелі орындайды. Сапасы заманауи синхронды ЖИ-аударма технологиялары деңгейінде, мағынасын түсініп, ыңғайлы көруге жарамды.